Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Туристер Халықаралық ғарыш станциясына ұшты

    [ad_1]

    SpaceX компаниясы Axiom коммерциялық бағдарламасы аясында туристерді Халықаралық ғарыш станциясына ұшырды.

    Компанияның мәліметіне қарағанда, Канаверал мүйісіндегі Кеннеди ғарыш орталығынан (АҚШ, Флорида штаты) NASA-ның бұрынғы астронавты, Халықаралық ғарыш станциясының бірінші әйел командирі Пегги Уитсонның басшылығымен кәсіпкер Джон Шоффнер, экипаж мүшелері — Сауд Арабиясының астронавтары Райян Барнави мен Али әл-Карни ұшты. 

    Ғарышкерлер ХҒС-та сегіз күн болып, оның тұрақты экипажымен бірге жұмыс істейді. Халықаралық ғарыш станциясымен түйісу 22 мамырға жоспарланған.

    Бұл — америкалық Axiom компаниясының бағдарламасы бойынша ХҒС-қа екінші коммерциялық рейс. 

    SpaceX компаниясымен келісім бойынша Axiom Space бағдарламасы аясында туристердің жылына екі-үш рет ғарышқа ұшатын болады. Оның бағасы бір адамға  55 млн доллар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →