Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Республика күніне орай бильярд турнирі өтті • Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік ту рәсіміне қатысты • 70%-ға дейін жеңілдік: Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді • Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Астанада Республика күніне орай бильярд турнирі өтті • Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік ту рәсіміне қатысты • 70%-ға дейін жеңілдік: Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді • Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді •

    Мемлекет басшысы «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті

    Мемлекет басшысы «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті
    Кездесу барысында Президент Қазақстан Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі саналатын Швейцариямен ұзақ жылдардан бері қалыптасқан қарым-қатынасқа ерекше мән беретінін атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Швейцарияға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға берік негіз қалағанына назар аударды.

    Мемлекет басшысының айтуынша, швейцариялық депутаттар делегациясының елімізге келуі жан-жақты ықпалдастықты одан әрі дамытуға қос тараптың да ниетті екенін көрсетеді.

    Бұл ретте өзара түсіністікті нығайтып, екіжақты ынтымақтастықты жандандыруда парламенттік дипломатияның маңызды рөл атқаратынына мән берілді.

    «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының үйлестірушісі Филиппо Ломбарди қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Швейцарияның серіктестік байланыстарды кеңейтуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

    Кездесуде Астана мен Берн арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы іс-әрекеттерді өзара үйлестіру мәселелері талқыланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →