Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Белгілі асаба қазаққа той жасаудың түк те керегі жоқ екенін айтты (ВИДЕО)

    Белгілі асаба қазаққа той жасаудың түк те керегі жоқ екенін айтты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Асаба Санат Нұрбай қазіргі кезде тойдың ешқандай қажеті жоқ екенін айтып, өз ойын бөлісті. Бұл туралы ол “Қазір айтайық” бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    ”Дәл қазіргі сәтте қазаққа тойдың түкке де қажеті жоқ. 15-20 жыл осы салада жүрмін, мен халықты аяймын. Қазір қазақта тойдан басқа кәсіп жоқ. Қазіргі кезде 300 адамға той жасау үшін қарыз немесе несие аласыз. Ол қаншама стресс, уайым. Іріктеп шақырғанның өзінде 300 адам шығуы мүмкін. Қазір тойға бұрынғыдай кілеммен бара салмайсыз. Кем дегенде 50-100 мың алып баруыңыз керек. Қазіргі жастар той жасағысы келмейді. Оның әке-шешесі той жасауды талап етеді. Тойдан мән кетті. Қазір той тойлап жүретін уақыт емес. Қымбатшылық қысып барады. Өз ойым”, — деді асаба.

     

    Көпшілік асабаның сөзін қолдай жөнелді.

     

    «Жарайсыз асаба мырза, өте дұрыс айтасыз!», «Өте дұрыс айттыңыз, мен де аяймын, кейде өзім ыңғайсызданамын тойда жүріп…», «Ет жақын жандарды шақыру керек, артық даңғазалық керек емес. Тойдың мәзі кетті. 50-100 адамнан асырмаған жөн!», «Жарайсың! Нағыз азамат! Шындықты айтты, халыққа шынайы жаны ашып айтып отыр», — деп жазды көпшілік.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Санат Нұрбай (@sanatnurbayev)

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →