Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    5 адамның өліміне себеп болған жетісулық жүргізушіге сот үкімі шықты

    5 адамның өліміне себеп болған жетісулық жүргізушіге сот үкімі шықты
    Фото: Pixabay

    Жетісуда бес адамның өліміне кінәлі деп табылған жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға сотталды. 

    Іс материалдарына сәйкес, «Volvo FH-Truck» автокөлігінің жүргізушісі «Алматы-Өскемен» тас жолымен келе жатып, ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа қарамастан көлікті қауіпсіз тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдамаған. Салдарынан жүк көлігі жолды жауып, үш жеңіл көлік соқтығысқан.

     

    – Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер қайғылы ЖКО-ға кінәлі ауыр жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тапты. Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – делінген ақпаратта.

     

    Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады, өйткені бұл жол қозғалысына қатысушылардың да, олардың жақындарының да өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →