Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Қансонар – 2026: Зеренді де құсбегілік өнерді насихаттау бойынша өткен халықаралық жарыстың жеңімпаздары анықталды • Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Қансонар – 2026: Зеренді де құсбегілік өнерді насихаттау бойынша өткен халықаралық жарыстың жеңімпаздары анықталды • Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? •

    Едіге Емберді әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты

    Едіге Емберді әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты

    Фото: inbusiness.kz

    Қазақстандық спортшы Норвегияда өтіп жатқан әлем чемпионатында 6-нәтиже көрсетті. Фёрде қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық жас спортшы Едіге Емберді 79 келі салмақ дәрежесінде 6-орынға ие болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

    Ересектер арасындағы алғашқы ірі додасына қатысқан Едіге мықты қарсыластардың арасынан лайықты нәтижемен көзге түсті. Ол әлем чемпионы атанған италиялық Оскар Рейесті, сондай-ақ Еуропа чемпионы Ритварс Сухаверсті (Латвия) артта қалдырды.

    Айта кетейік, Едіге Емберді биылғы шілде айында жастар арасында Азия чемпионы атанып, 347 келіні еңсерген еді. Фёрдедегі көрсеткіші арқылы ол жеке рекордын жаңартты.

    В тобында тағы бір қазақстандық спортшы өнер көрсетті. 22 жастағы Петр Хребтов 330 келі (147+183) нәтижесімен 13-орынға тұрақтады.

    Бүгін 7 қазанда 88 келі санатында алматылық Әлібек Рахымберді өнер көрсетсе, 10 қазанда 110 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Мейрам ел намысын қорғайды.

    Айта кетейік, биылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2–11 қазан аралығында Норвегияның Фёрде қаласында өтуде. Дүбірлі додаға әлемнің 87 мемлекетінен 477 спортшы қатысуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →