Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Елена Рыбакина Пекиндегі турнирде аутсайдерлердің бірінен жеңіліп қалды

    Елена Рыбакина Пекиндегі турнирде аутсайдерлердің бірінен жеңіліп қалды

    Фото: Getty Images

    Қазақстанның бірінші және әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина (№10) Пекинде өтіп жатқан WTA 1000 турнирін аяқтады. 1/16 финалда отандасымыз неміс қызы Ева Лиспен (№66) кортқа шығып, жеңіліп қалды.

    Матч 2 сағат 16 минутқа созылды. Бірінші сетті неміс теннисшісі жеңгенімен, екінші кезеңде Рыбакина 6:1 есебімен есе қайтарды. Дегенмен, шешуші үшінші сетте Ева Листің мерейі үстем болды, қорытынды есеп – 6:3, 1:6, 6:4.

    Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 8,96 миллион долларды құрайды. Үшінші кезеңге дейін жеткені үшін Рыбакина 60,4 мың доллар сыйақы алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →