Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты •

    Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюповтың 10 жыл бұрынғы қылмысы ашылды

    Фото: Түркістан облысы әкімдігі Facebook парақшасынан

    Антикор Кентау қаласының бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты тергеуді аяқтады. Жемқорлыққа қарсы қызмет оның осыдан он жыл бұрынғы былығын ашқан, деп хабарлайды ktk.kz. сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    2013 жылы ол премьер-министр кеңсесінің қызметкері болып жүріп, жекеменшік компанияның иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерді жеңіп әперемін деп уәде берген. Талап етілген соманы алып, өзі де ортақтасқан. Ақшаның бір бөлігіне өзіне Астана қаласынан жаңа үй, қымбат автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алған дейді тергеушілер.

    42 жастағы Аюпов екі жыл Түркістан қаласына басшылық еткен. Кейін Кентау қаласының әкімі болды. Халық есінде ол Илон Маскке Түркістаннан зауыт салу туралы ұсыныс жазған, өзі мүгедектерге арналған арбаға отырып жолдың сапасын тексерген әкім ретінде қалды. Экс-шенеунік Астанадағы уақытша тергеу изоляторына былтыр қамалған болатын.

    «Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр. Қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды», — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →