Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жиіркенішті: Тұрсынбек Қабатовтың тойда жүрген тоқалы жұртқа жақпай қалды Алматыда 27 жастағы әйел бірден үш ұлды дүниеге әкелді Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова қауесетке қатысты түсініктеме берді Семейде автожуу орнында өрт шығып, жүк көлігі мен екі тұрғын үйге таралды Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды Windows жүйесіндегі қуат үнемдеу режимдері компьютер жылдамдығын төмендетуі мүмкін Жиіркенішті: Тұрсынбек Қабатовтың тойда жүрген тоқалы жұртқа жақпай қалды Алматыда 27 жастағы әйел бірден үш ұлды дүниеге әкелді Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова қауесетке қатысты түсініктеме берді Семейде автожуу орнында өрт шығып, жүк көлігі мен екі тұрғын үйге таралды Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды Windows жүйесіндегі қуат үнемдеу режимдері компьютер жылдамдығын төмендетуі мүмкін

    Түркияда тағы жер сілкінісі болды

    Түркияда тағы жер сілкінісі болды

    Фото: Pixabay

    Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq Today сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

    Түркияның төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды басқару департаментінің (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулері түнгі сағат 00:05-те Сындыргы ауданында тіркелген. CNN Turk жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікте болғанын және ол Ыстанбұл мен Измир қалаларында сезілгенін хабарлады.

    Кандилли обсерваториясы мен AFAD жер сілкінісінің магнитудасын растады. Сындыргы қаласының мэрі Серкан Сак тұрғындарды абай болуға шақырды.

    AFAD дерегінше, табиғи апаттан айтарлықтай зиян келгені анықталмаған. Тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →