Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстан FIFA рейтингінде 118-орынға дейін түсіп кетті

    Қазақстан FIFA рейтингінде 118-орынға дейін түсіп кетті
    Фото: KFF

    FIFA ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады. Қазақстан құрамасы төрт сатыға төмендеп, 118-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы Нигер мен Индонезияның ортасында орналасқан. Мұндай нәтиже 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі қыркүйек айындағы ойындармен байланысты:

    • Астанада өткен ойында Қазақстан Уэльске 0:1 есебімен есе жіберді;
    • Брюссельдегі кездесуде Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілді.

    FIFA тізімінің жоғарғы бөлігінде де өзгерістер бар:

    • Испания бірінші орынға көтерілді;
    • Аргентина үшінші орынға түсті;
    • Франция екінші орнын сақтап қалды;
    • Германия ТОП-10-нан шығып, 13-орынға түсіп қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →