Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейдегі сергелдең: студент қызды бұрынғы жігіті туған інісінің көзінше пышақтап өлтірген Күншығыс еліндегі ерекше жеңіс: Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынды Таразда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім көзінен айырылды Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиа ойындарында күміс жүлде жеңіп алды Жиіркенішті: Тұрсынбек Қабатовтың тойда жүрген тоқалы жұртқа жақпай қалды Семейдегі сергелдең: студент қызды бұрынғы жігіті туған інісінің көзінше пышақтап өлтірген Күншығыс еліндегі ерекше жеңіс: Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынды Таразда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім көзінен айырылды Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиа ойындарында күміс жүлде жеңіп алды Жиіркенішті: Тұрсынбек Қабатовтың тойда жүрген тоқалы жұртқа жақпай қалды

    Маңғыстауда есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі шенеунік ұсталды

    Маңғыстауда есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі шенеунік ұсталды

    Фото: Pixabay

    Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өңір әкімдігінің қолдауымен есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар.

    — Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

    Арнайы операция Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткен.

    — Маңғыстау облысы әкімдігі мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге мүлде төзбеушілік саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Заң талаптарын бұзғандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең қатаң шаралар қолданылады. Мемлекеттік қызмет қатарын адал емес қызметкерлерден арылту — әкімдіктің басты басымдықтарының бірі, — делінген хабарламада.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →