Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова қауесетке қатысты түсініктеме берді Семейде автожуу орнында өрт шығып, жүк көлігі мен екі тұрғын үйге таралды Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды Windows жүйесіндегі қуат үнемдеу режимдері компьютер жылдамдығын төмендетуі мүмкін Петропавлдағы құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Шымкентте 8 жасар қызға қатысты іс қайта қаралып, сот үкімі өзгертілді Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова қауесетке қатысты түсініктеме берді Семейде автожуу орнында өрт шығып, жүк көлігі мен екі тұрғын үйге таралды Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды Windows жүйесіндегі қуат үнемдеу режимдері компьютер жылдамдығын төмендетуі мүмкін Петропавлдағы құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Шымкентте 8 жасар қызға қатысты іс қайта қаралып, сот үкімі өзгертілді

    Павлодарда дене шынықтыру сабағы кезінде 7 оқушы зардап шекті

    Павлодарда дене шынықтыру сабағы кезінде 7 оқушы зардап шекті

    Фото: Pixabay

    Жазатайым оқиға облыс орталығындағы №37 орта мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде болған. 6-сыныптың бір топ оқушысы сілтілі «Крот» құбыр тазартқыш құралын сусын құйылған пластик бөтелкеге салған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

    Оны футбол добы ретінде пайдаланып ойнап жүргенде бөтелке жарылып, жеті баланың денесі күйіп қалды.

    – Жедел жәрдемге шақырту бүгін сағат 12.49-да түсті. Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Анықталғандай, жеті бала зардап шеккен. Балалардың қол саусақтарын, бет-әлпеттері мен көздерін күйік шалған. Оқушылар әлгі жерде «крот»+мохито+фольга химиялық заттарын пайдаланып, ойын ойнаған. Зардап шеккен жасөспірімдердің барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Пациенттердің жағдайы ауыр емес, – деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →