Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті «Жаға жыртысуға дейін барды»: Түркістан облысындағы мектепте ата-аналар мен мұғалімдер жанжалдасты Мысырда жолаушылар автобусы аударылып, 21 адам қаза тапты Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың тамақтануына байланысты ата-аналарға үндеу жасады Маңғыстау облысында 205 келі бекіре балығы тәркіленді Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті «Жаға жыртысуға дейін барды»: Түркістан облысындағы мектепте ата-аналар мен мұғалімдер жанжалдасты Мысырда жолаушылар автобусы аударылып, 21 адам қаза тапты Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың тамақтануына байланысты ата-аналарға үндеу жасады Маңғыстау облысында 205 келі бекіре балығы тәркіленді

    10 адам опат болды: Бекет-Ата басына бара жатқан қажылар жол апатынан қаза тапты

    10 адам опат болды: Бекет-Ата басына бара жатқан қажылар жол апатынан қаза тапты
    Маңғыстау облысының Қарақия ауданында Бекет-Ата жер асты мешітіне зиярат етуге бара жатқан жолаушылар мінген көлік жол апатына ұшырап, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қажылар мінген Toyota Hiace шағын автобусы кенеттен жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Сегіз адам оқиға орнында бірден көз жұмса, тағы екі адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Қазіргі уақытта зардап шеккен басқа жолаушыларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

    Ішкі істер министрі бұл істі жеке бақылауына алды. Қазіргі таңда тергеушілер жүргізушінің әрекетін, көліктің техникалық жағдайын, тасымалдау бағыты мен шарттарын мұқият тексеріп жатыр.

    Ішкі істер министрлігі әкімдікпен және басқа да мекемелермен бірлесіп, қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуде. Көмекке марқұмдардың денелерін туған өңірлеріне жеткізу, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесу, туыстарына қолдау көрсету және заңды, сақтандыру мәселелерін шешу кіреді.

    Фото: Бекет-ата мешіті

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →