Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

    Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Президентке «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлықты іске асыру мақсатында атқарылған жұмыс нәтижесі баяндалды.

    Агенттік төрағасы мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту үшін 450-ден аса кәсіпорынды қамтитын тізім дайындалғанын жеткізді. Ұлттық жекешелендіру кеңсесі әзірлеген тізімдегі компанияларды бәсекелестік ортаға беру ұсынылады.

    Марат Омаровтың айтуынша, негізгі тауарлар нарығындағы бәсекелестікті дамыту жұмыстары аясында биржалық қызмет заңнама талаптары мен қазіргі нарықтық сауда жағдайларына сәйкестендірілген. Бүгінгі таңда 3 тауар биржасы жұмыс істейді, ал Агенттікке аталған саладағы мемлекеттік бақылау функциялары берілген сәтте 22 биржа болған еді.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысына ведомствоның алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары таныстырылды.

    Кездесу соңында президент экономиканың басты секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомство жүргізіп жатқан тергеулер мен тексерулерге, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға байланысты бірқатар тапсырма берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →