Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді Білім гранты иегерлерінің тізімі жария болды BI Group-тың «төбесінен су сорғалаған» сапасы: Әкімдік кімді жақтайды? Жоқ жылуға ақша өндіру: Ақтау тұрғыны заңсыз төлем талап еткендерге наразылық білдірді «Таиландтан кешірім сұраймын»: Пхукетте ұсталған қазақстандық мәлімдеме жасады Қазақстан құрамасын 62 жастағы Джон ван ‘т Скип бастады Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді Білім гранты иегерлерінің тізімі жария болды BI Group-тың «төбесінен су сорғалаған» сапасы: Әкімдік кімді жақтайды? Жоқ жылуға ақша өндіру: Ақтау тұрғыны заңсыз төлем талап еткендерге наразылық білдірді «Таиландтан кешірім сұраймын»: Пхукетте ұсталған қазақстандық мәлімдеме жасады Қазақстан құрамасын 62 жастағы Джон ван ‘т Скип бастады

    «Концерттерімнен бас тартамын деп ойладым» – Толқын Забирова анасының қазасы жайлы

    «Концерттерімнен бас тартамын деп ойладым» – Толқын Забирова анасының қазасы жайлы

    Фото: @tolkyn_ zabirova

    Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында жақында дүниеден озған анасы жайлы жантебірентерлік жазба қалдырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Сүйікті менің оқырмандарым! Жақында отбасымда болған қайғылы жағдайды естіген боларсыздар… Осыған байланысты жоспарланған концерттерімнен бас тартамын деп ойладым. Бірақ жақындарым мен ұстазым Бибігүл Ахметқызының әңгімесінен кейін қаншалықты қиын болса да, концертті жоспар бойынша жасауды шештік», — деп жазды өнер иесі.

    Толқын Забирова анасы өмірді сүйіп өткенін, бұл қасиет өзіне де дарығанын атап өтті.

    «Анамның арманы осы концертті көру болды. Сондықтан анашымның арманын орындап, тағзым етіп, анама арнаймын. Баланың бағы жанса – ана бақытты. Өнер жолымдағы әр қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісті. Әр бағындырған шыңыма баладай қуанды. Менің ақ періштем, менің қанатым, досым, серігім, жанашырым, қолдаушым, қорғаушым! Сен мәңгі менің жүрегімдесін. Бұл концерт өзіңе арналады. Менің қасымда болатыныңа, қолдайтыныңа күмәнім жоқ», — деп толықтырды әнші.

    Ол бақытты өмір сыйлағаны үшін анасына тағзым етіп, рақметін айтты.

    «Өз көрерменімді 17 қазанда Алматы қаласы Республика сарайында, 23 қазанда Астана қаласы Бейбітшілік пен Келісім сарайында күтемін!», — деп түйіндеді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →