Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    «Мүлде есірдіңдер»: Мұғалім хиджаб киген оқушыларға көпшіліктің көзінше аяусыз ұрысқан

    «Мүлде есірдіңдер»: Мұғалім хиджаб киген оқушыларға көпшіліктің көзінше аяусыз ұрысқан

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде тараған видеода сыныпта тақта алдында сегіз оқушы хиджабпен қатар тұрғызылғанын көруге болады. Ақпарат көздері видео Қазақстан мектебінде түсірілген дейді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Сұлу қыздар, сабақ соңында мүлде есірдіңдер… Мені, ата-аналарын елеп тұрған жоқ. Сабақ кезінде мектеп формасын кию керек деп айтылды ғой. Міне, қалай әдемі, иә? Сендерге қараудың өзі жиіркенішті, кешіріңдер, әрине. Маған қалай сыйластық танытсаңдар, мен де солай жауап беремін», – дейді мұғалім кадр сыртында.

    Видео желіде тез тарап, қызу пікірталас туғызды. Пікір жазғандар мұғалімнің сөзі мен әңгіме мәнерін сынға алды. Оқу-ағарту министрлігі жариялаған мәлімдемесінде әлеуметтік желілерде көрсетілген жағдай Қазақстан мектептері мен білім беру жүйесіне қатысы жоқ екенін айтты.

    «Сонымен бірге оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты қолданыстағы талаптарды еске салуды маңызды деп санайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында міндетті мектеп формасы туралы барлық қажет құқықтық негіздер бекітілген», – делінген хабарламада.

    Тиісті бұйрықта қыздар мен ұлдар үшін киім үлгісі анықталған. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқу процесінің зайырлы сипатына сәйкес келеді.

    Киім үлгісі классикалық болуы керек, түстер гаммасы – тыныш, айқын емес реңктерде және үштен көп түсті біріктіруге жол берілмейді.

    Сонымен бірге «Талаптардың» 13-бабына сәйкес, мектеп формасына әртүрлі діндерге тән киім элементтерін қосуға жол берілмейді.

    «Ата-аналар мектеп ережесін және бекітілген талаптарды сақтау міндетін атқаратынын атап өту маңызды. Бұл міндеттемелерді орындамау заң бойынша жауапкершілікке, соның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша, әкеледі», – деп нақтылады министрлік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →