Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі

    «Алматыдан Оралға алып келді»: Ерке Есмахан қайын атасына қымбат сый жасағандарын айтты

    «Алматыдан Оралға алып келді»: Ерке Есмахан қайын атасына қымбат сый жасағандарын айтты
    Фото: /erke_esmahan/

    Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раймның әкесіне сыйлық жасағанын көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Өнер иесі отбасымен бірге күйеуінің туған жері Оралға барғанын жеткізді.

    “Күйеуім Алматыдан Оралға жап-жаңа көлік алып келіп, папамызға сыйға тартты. Игілігіңізге мініңіз, папа! Алла бұйыртса, ұлдарың саған да көлік мінгізетін күнге жетейік”, – деп жазды әнші.

    Сондай-ақ Ерке Есмахан адамдарды адал болуға шақырып, тілек білдірді.

    “Аллаға сансыз шүкір етемін! Бұл өмірдің бір сыры да, нақты қағидасы да жоқ екеніне көзім жетті. Тек түсінгенім, ішкі ойың мен сыртқы сөзің таза, шынайы, әрекетің адал болса болғаны. Сонда бұл жалған дүниенің бар жақсылығы өзіңе тартылады екен. Әлемнің әдемілігін көру өзіңізге, ұл қызыңызға, ұрпағыңызға молынан бұйырсын!”, – деді эстрада жұлдызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →