Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

    Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

    Фото: Pixabay

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, елордадағы көпбалалы отбасылар басқа аймақтармен салыстырғанда едәуір көп әлеуметтік көмек алады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Мәселен, Астанада алты баласы бар отбасы тоқсанына шамамен 2,7 миллион теңге жәрдемақы алса, өзге өңірлерде бұл сома небәрі 273 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік әділдік принципін сақтау үшін жәрдемақыны барлық аймаққа бірдей деңгейде беру мәселесі қарастырылып жатыр», – деді министр үкімет кулуарында.

    Бұл тақырып 2020 жылы Көктал-1 ықшамауданында болған қайғылы жағдайдан кейін жиі көтерілді. Сол кезде көмірмен жылынған үйде өрт шығып, бір отбасының бес қызы көз жұмған еді. Оқиғадан кейін елдегі көпбалалы аналар әлеуметтік қолдауды күшейтуді талап етіп, наразылыққа шыққан болатын.

    Қазір де көптеген отбасы инфляция мен қымбатшылық жағдайында берілетін жәрдемақының жеткіліксіз екенін айтып, биліктен нақты шаралар күтуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →