Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры •

    «Балаңды атып келдім»: Талғарда шешесін зорлап, қызын ұрлаған қылмыскер өлген жігіттің анасына автомат кезеген (ВИДЕО)

    «Балаңды атып келдім»: Талғарда шешесін зорлап, қызын ұрлаған қылмыскер өлген жігіттің анасына автомат кезеген (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaq.today

    Күні кеше Талғарда оққа ұшқан Ернардың анасы мен әйелі қанды оқиғаның қалай болғанын журналист Руслан Өтепбайға баяндап берді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Марқұмның әйелі Балзияның айтуынша, үйге үш жігіт келген.

    «Біреуінің қолында пышақ, екіншісінде автомат болды. Мамама автомат кезеп, «қызыңыз қайда?» деп сұрады. Егер біреуге хабар берсеңдер, өлтіремін деп қорқытты. Мені пышақпен қорқытып, ешкімге айтпауды талап етті. Күйеуім дүкеннен шығып, жолда оларды көріп қалған. Содан оны атып тастап, бізге келіпті», – дейді ол.

    Қайғыдан қан жұтқан анасы да болған жайтты растады:

    «Екеуі пышақ ұстап тұрды. Оларды танымаймын. Қызыңды тауып бер деп, маған автоматты кезеді», – дейді ол.

    Балзияның сөзінше, күйеуінің оққа ұшқанын қаскөйлердің өздері айтқан.

    «Алғашында сенбедік. Кейін көрші тәте келіп, Ернар ана жақта қансырап жатыр деді. Жүгіріп барсам, жаны шығып кетіпті. Екі оқ жарақатын көрдім», – дейді марқұмның жұбайы.

    Қазір бұл істі полиция тергеп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →