Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Бокстан әлем чемпионаты: Геннадий Головкин боксшылармен кездесіп, сәттілік тіледі (ВИДЕО)

    Бокстан әлем чемпионаты: Геннадий Головкин боксшылармен кездесіп, сәттілік тіледі (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, әлемдік бокс аңызы Геннадий Головкин Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы ұйымдастырған ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына арнайы келіп қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі жариялаған видеода Головкин бауыры Максиммен бірге спортшылар және бапкерлер құрамымен кездесіп, командаға сәттілік тіледі.GGG тәртіп пен сенімділік – жеңістің басты кілті екенін атап өтті.

    Еске сала кетейік, бүгінде Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті және World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарады. Дәл осы ұйым 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында бокс турнирін өткізуді қадағалайды.

    Әлем чемпионаты 4 қыркүйекте басталды және 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарысқа 60-тан астам елдің мықты спортшылары қатысып жатыр.

    Өкінішке қарай, қазақстандық Элина Базарова алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, турнирден шығып қалды.

    Сіздің реакцияңыз?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →