Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

    Шымбұлақта шаңғышыны қар көшкіні басып қалды

    Шымбұлақ тау шаңғы курортында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі.

    Оқыс оқиға бүгін таңертең орын алған. Қар көшкіні курорттың Комби-2 бөлігінде жүрген. Төменге сырғанап келе жатқан демалушыны қар көшкіні алып кеткен.

    Құтқарушылар оқиға орнына жылдам жеткенмен, турист оқиға орында сол мезетте ақ қайтыс болып кеткен. Қар көшкіні бес рет жүрген. Төтенше жағдай орын алған жерге Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мен кинологиялық топ барған.

    «Наурыздың 10-ы күні «Шымбұлақ» тау курортына келуші шаңғы тебу кезінде қар көшкінінің астында қалып, мерт болды.Сағат 10:58-де курорттың құтқарушыларына Комби-2 тірегінің жоғары аймағында қар көшкіні түскені туралы ақпарат түсті.Оқиға орнына сағат 11:02-де жеткен құтқарушылар денені тапқан. Құтқару операциясы үш минуттан аспады. Сағат 11:05-те шаңғышыны құтқарушылар шығарып алған. Сағат 11:25-те турист фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізілді, онда сағат 11.29-да фельдшерлік пункт қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады», — деді «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Шардарбек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →