Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті «Қазақмыс» Қытайдың инженерлік алыбымен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды Сарапшылар: мыс Қазақстанның өз ішінде қосылған құн қалыптастыруы тиіс Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады «2016 жылы ауыр сынақтан өттім»: Айнұр Тұрсынбаева ағынан жарылды «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті «Қазақмыс» Қытайдың инженерлік алыбымен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды Сарапшылар: мыс Қазақстанның өз ішінде қосылған құн қалыптастыруы тиіс Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады «2016 жылы ауыр сынақтан өттім»: Айнұр Тұрсынбаева ағынан жарылды

    Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 1400-ден асты

    Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 1400-ден асты

    Фото: Anadolu Agency

    Ауғанстанда 5,2 магнитудалық тағы бір жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Джелалабадтан солтүстік-шығысқа қарай 34 км қашықтықта, жергілікті уақыт бойынша сағат 15:29-да болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    АҚШ геологиялық қазметінің мәліметтерінше, жерасты дүмпулерінің тереңдігі 10 км-ді құраған. Әзірге қаланың мерт болғандар мен жарақат алған тұрғындары туралы мәліметтер нақтыланбаған.

    Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында жексенбінің кешінде тіркелген 6 магнитудалық жойқын жер сілкінісінен кейін жаңа дүмпулер болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, жарақат алғандар саны 1411 адамға жетті. Уақытша үкіметтің өкілі Забихулла Мужахидтің хабарлауынша, зардап шеккендердің жалпы саны 3124 адамға дейін өскен.

    Оның айтуынша, жер сілкінісі салдарынан 5412 үй қираған. Ал Ауған Қызыл Жарты Ай қоғамы үш шығыс провинцияда 8 мыңнан астам үйдің қирағанын мәлімдеді. Көптеген адамдар үйінді астында қалып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

    Билік өкілдері эвакуация жүргізіліп жатқанын, сондықтан қаза тапқандар мен жараланғандар саны өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Жер сілкінісінен туындаған көшкіндер кейбір жолдарды жауып қалған, қазір сол жолдар тазартылып жатыр. Құтқарушылар жүздеген адамды іздеп жатыр, алайда таулы жер бедері мен қолайсыз ауа райы кей ауылдарға жетуді қиындатып отыр.

    Жергілікті тұрғындар да құтқару жұмыстарына белсенді атсалысып, үйінді астынан шығарылған жаралы адамдар тікұшақпен ауруханаларға жөнелтілуе.

    Ауған билігінің халықаралық көмек туралы өтінішінен кейін Үндістан, Швейцария, Қытай және Ұлыбритания қоса алғанда бірнеше мемлекет зардап шеккен аймаққа гуманитарлық жүк жөнелтуге дайын екенін мәлімдеді.

    БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қираған аудандарға 2000 гуманитарлық көмек жібергенін хабарлады. Оған гигиеналық құралдар, жылы киім, көрпе және баспанасыз қалған отбасыларға арналған ас үй жабдықтары кіреді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →