Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Зеленский АҚШ-тағы Украина елшісін тағайындады

    Зеленский АҚШ-тағы Украина елшісін тағайындады

    Фото: tsn.ua/ru

    Бұл қызметке Ольга Стефанишина тағайындалды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    2025 жылғы 27 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тағы жаңа елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

    Бұған дейін ол Украина вице-премьері және әділет министрі қызметтерін атқарған. Құжат мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.

    Зеленскийдің айтуынша, ол Стефанишинамен әңгімелесу барысында елшіліктің жұмысын жаңғырту және АҚШ президенті Дональд Трамппен жасалған барлық келісімдерді жүзеге асыру міндеттерін айқындаған. Әсіресе, қорғаныс саласындағы келісімдерге басымдық берілмек. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.

    «Украинаның қауіпсіздігін ұзақ мерзімді қамтамасыз ету көбіне АҚШ-пен қарым-қатынасқа байланысты», – деп атап өтті Зеленский.

    Сондай-ақ, Зеленский 2021 жылдан бері АҚШ-та елші қызметін атқарған Оксана Маркароваға алғысын білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →