Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады Түркістанда 12 жастағы қызбен хат алмасқан ер адамның әрекеті әшкереленді Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады Түркістанда 12 жастағы қызбен хат алмасқан ер адамның әрекеті әшкереленді Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр

    Әлем ғалымдарын дүрліктірген жаңалық: Қытайда алғаш рет шошқаның өкпесі адамға салынды

    Әлем ғалымдарын дүрліктірген жаңалық: Қытайда алғаш рет шошқаның өкпесі адамға салынды

    Фото: livescience.com/health/su

    Қытайда тарихта алғаш рет генетикалық түрлендірілген шошқаның өкпесін адамға салу отасы жасалды. Органды миы өлген 39 жастағы ер адам қабылдады, өкпе тоғыз күн бойы жұмыс істеді. Эксперимент нәтижелері Nature Medicine басылымында жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Өкпеде қан ұйып қалу және трансплантатты қабылдамау қаупін арттыратын тығыз қан тамырларының болуына байланысты трансплантациялау үшін ең қиын органдардың бірі саналады. Қауіпті барынша азайту үшін донор шошқадан иммундық реакция тудыратын үш ген алынып тасталды және адамның үш қорғаныс гені қосылды.

    «Трансплантациядан кейінгі алғашқы күндерде трансплантатты қабылдамау жағдайы немесе инфекция анықталмады. Кейінірек операция кезінде оттегінің қысқа мерзімді жетіспеушілігінен және антиденелердің шабуылынан тіндер зақымданды. Тоғызыншы күні ағзадағы өзгеріс баяулай бастады, бірақ науқастың отбасының өтініші бойынша зерттеу тоқтатылды», — деп жазды басылым.

    Сарапшылардың пікірінше бұл жұмыс болашақ клиникалық сынақтарға жол ашады. Егер технология жетілдірілсе, шошқа өкпесі бүгінде донорлық ағзаға қолы жетпей, өліп кетіп жатқан миллиондаған адамдарға өмір сыйлай алады. livescience басылымының жазуынша, бұған дейін миы өлген адамдарға бүйрек, жүрек немесе бауыр секілді ағзалар салынған тәжірибелер болған. Алайда өкпе — ксенотрансплантациядағы ең күрделі ағзалардың бірі. Себебі ол тікелей ауамен байланыста және иммундық жүйенің шабуылына өте бейім келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →