Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Қазақстан кәсіпкерлеріне маңызды ескерту жасалды

    Қазақстан кәсіпкерлеріне маңызды ескерту жасалды

    Фото: Pixabay

    Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті ресми мемлекеттік eokno.gov.kz. сайтына ұқсас жалған интернет-ресурстарды қолдану фактілері анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бизнесті адастырып отыр

    Комитеттің мәліметінше қаскөйлер алаяқтық мақсатта eoknogov.kz сайтына ұқсас домендік атаумен жалған сайт құрып, онда жалған QR кодтар арқылы сертификаттар мен сәйкестік декларацияларын таратып жатыр.

    «Бұл ресурстардың ресми мемлекеттік жүйелерге қатысы жоқ және азаматтар мен бизнесті адастыруға бағытталған», — деп жазылған хабарламада.

    Ведомство осыған байланысты барлық кәсіпкер мен тұтынушыны құжаттарды тексеру және мемлекеттік онлайн-сервистерді пайдалану кезінде қырағылық танытуға шақырды. Сәйкестік сертификаттары мен декларациялар туралы сенімді мәліметтер тек ресми ресурста орналастырылады: eokno.gov.kz, techreg.gov.kz.

    Сертификатты кім береді

    «Құрметті азаматтар мен кәсіпкерлер! Комитет қырағы болуды және ақпаратты тек ресми ақпарат көздері арқылы тексеруді ұсынады. Күмән туындаған кезде сенімсіз сайттар мен құжаттарды пайдаланудан бас тарту керек», — дейді мамандар.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сәйкестік туралы сертификаттар мен декларацияларды сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар ресімдеуге және беруге құқылы. Аккредиттеу субъектілері туралы өзекті ақпарат сайтта орналастырылған: nca.kz.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →