Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Шымкентте жасөспірім футболшылар арасындағы төбелес: полиция түсініктеме берді

    Шымкентте жасөспірім футболшылар арасындағы төбелес: полиция түсініктеме берді
    Фото: Видеодан скрин
    Фото: Видеодан скрин

    Шымкент қалалық полиция департаменті Қазақстан чемпионатының 2011 жылы туған футболшылар арасындағы ойында болған жаппай төбелеске қатысты ресми түсініктеме берді.

    Оқиғаның мән-жайы

    Қақтығыстың толық себептері әзірге жария етілмеген. Белгілісі, алаңда «Тұран» мен «Екібастұз» командалары кездескен. Әдеттегі спорттық бәсекелестік үлкен жанжалға ұласқан.

    Полиция департаментінің баспасөз қызметі жаппай төбелестің болғанын растады және тергеу басталғанын мәлімдеді.

    «Шымкент қаласы полиция департаменті спорт кешені «Биікте» болған топтық жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, полицияға жеткізілді», – делінген хабарламада.

    Ешкім жарақат алған жоқ

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

    Қазіргі таңда полицияға немесе медициналық мекемелерге жарақат алғандар туралы шағым түспеген.

    «Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді ведомство.

    Айта кетейік, аталмыш кездесуде төбелескен футболшылар өмір бойына дисквалификация алуы мүмкін екені хабарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →