Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Димаш Құдайбергеннің вокалы Миланда өтетін қысқы Олимпиадада шырқалады

    Димаш Құдайбергеннің вокалы Миланда өтетін қысқы Олимпиадада шырқалады

    Фото: orda.kz

    Әлемнің вице-чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада маусымындағы бағдарламасына арналған музыканы таңдады, деп хабарлайды «Спортивная орда».

    Қысқа бағдарламадағы әндер

    Қазақстан ҰОК мәліметінше, спортшы қазір бағдарламаларды толық әзірлеп жатыр.
    Қысқа бағдарламада Шайдоров келесі композициялармен өнер көрсетеді:

    • Sons of Legion

    • Phil Collins — In the Air Tonight

    • Kaleo, Jokull Juliusson — No Good

    «Қысқа бағдарламаға музыканы командамен бірге таңдадық. Рок бағытын алу идеясы өзімнен шықты, бірақ әндерді бірге іздедік. Нәтижесінде әр дәуірді қамтитын ерекше шешімге келдік,» — деді Шайдоров.

    Димашпен байланысты «еркін бағдарлама»

    Еркін бағдарлама мәнерлеп сырғанаушы үшін ерекше мәнге ие. Ол культті «Бесінші элемент» фильміндегі саундтрек — The Diva Dance шығармасын таңдады. Бағдарлама барысында музыка екі нұсқада шырқалады: фильмдегі Эрик Серра жазған түпнұсқа және Димаш Құдайбергеннің Confessa нұсқасы.

    «Бұл музыканы мен шамамен бес жыл бұрын таңдадым. Бірақ қашан сырғанайтынымды білмедім. Әлем чемпионатынан кейін уақыт келгенін түсіндім,» — дейді спортшы.

    Олимпиадаға дайындық

    Шайдоровтың айтуынша, жаңа маусымдағы бағдарламалары айтарлықтай өзгерген. Ол сырғанау техникасы мен хореографияда ілгерілеу бар екенін атап өтті.

    «Бағдарламаларым қатты өзгерді. Сырғанауда да, қимылда да алға жылжыдым. Еркін бағдарламада өткен маусыммен салыстырғанда контентті жетілдіруге тырысамын. Қазір өте күрделі бағдарламаларға дайындалудамын,» — деді Шайдоров.

    Әзірге нақты жарыс жоспары жасалып бітпегенімен, спортшы «Гран-при» кезеңдерінде өнер көрсететіні белгілі. Негізгі басымдық — 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына берілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →