Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Алматыда телефон алаяқтығын жасады деген күдікпен ресейлік азамат ұсталды

    Алматыда телефон алаяқтығын жасады деген күдікпен ресейлік азамат ұсталды

    фото: shutterstock

    Алматыда Байтереков көшесіндегі пәтерден Sim-Box құрылғысы, қазақстандық ұялы байланыс операторларына тиесілі 300-ден астам SIM-карта және өзге де жабдықтар тәркіленді.

    Қалалық прокуратураның мәліметінше, бұл заттар 18 жастағы Ресей азаматының үйінен табылған. Sim-Box құрылғысы қылмыстық әрекеттерде жиі қолданылады – ол жаппай қоңырау шалу, хабарлама жіберу және абонент нөмірін ауыстыруға мүмкіндік береді.

    Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 213-бабы (Абонент құрылғысының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

    Прокуратураның дерегінше, биыл осындай жеті іс сотқа жіберілген, олардың төртеуі бойынша үкім шығарылған.

    Құқық қорғау органдары тұрғындарды сақ болуға, банк картасының деректері мен құпия кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Сондай-ақ, осындай жабдықтың заңсыз қолданылуы туралы мәлімет болса, бірден полицияға хабарлау ұсынылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →