Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Сот Руслан Берденовтің жеке қатысып, куәлік беруін талап етті

    Сот Руслан Берденовтің жеке қатысып, куәлік беруін талап етті

    Коллаж: Kazinform/ Gov.kz

    Шымкентте әкім орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша үшінші сот отырысы өтіп жатыр. Судья Әбінұр Қарабаев жәбірленушінің сот процесіне тікелей немесе онлайн режимде қатысуын міндеттеді. Ол ресми өкіл Жеңіс Тыныбекке Берденовпен байланысып, бұл мүмкіндікті нақтылауды тапсырды.

    «Егер Руслан Берденов келе алмаса, тергеу кезінде берген жауабының бейнежазбасы пайдаланылатын болады», – деді судья.

    Сот істі толық қарау үшін жәбірленушінің қатысуының маңызын атап өтті.

    Бүгінгі отырыста қорғаушы тарап оқиға орнына қарау хаттамасы мен екі куәгердің жауабын заңсыз деп тану туралы өтініш берді. Сондай-ақ, сотта әкімдік ғимаратындағы ішкі бейнебақылау жазбалары ұсынылды. Бұл кадрлардан полиция мен жедел-тергеу тобының келген нақты уақыты көрінеді.

    Келесі кезеңде қалалық құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаевтан жауап алу жоспарланған.

    Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалып, ол жарақатпен ауруханаға түскен. Ақпан айының соңында Берденов осы қызметке тағайындалған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →