Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ерлерге есею керек»: Роза Әлқожа ой салатын жазба жариялады Nvidia Hugging Face-ті $12,9 млрд-қа сатып алуға келіссөз жүргізіп жатыр Қазанда сыналатын дайындық: жылу желілерінің тозуы қай деңгейде және биылғы қыс қалай өтпек? 826 адам жоғалған: Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 353-ке жетті «Хиджабын шешкені дұрыс болды»: Айдана Меденова ұлттық образымен елді сүйсіндірді (ВИДЕО) Астанада құрылыс алаңында кран құлап, краншы қаза тапты «Ерлерге есею керек»: Роза Әлқожа ой салатын жазба жариялады Nvidia Hugging Face-ті $12,9 млрд-қа сатып алуға келіссөз жүргізіп жатыр Қазанда сыналатын дайындық: жылу желілерінің тозуы қай деңгейде және биылғы қыс қалай өтпек? 826 адам жоғалған: Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 353-ке жетті «Хиджабын шешкені дұрыс болды»: Айдана Меденова ұлттық образымен елді сүйсіндірді (ВИДЕО) Астанада құрылыс алаңында кран құлап, краншы қаза тапты

    Ресейлік олигархтар Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды

    Батыс санкциясының салдарынан көп қаражатын жоғалтқан Кремльге жақын ресейлік миллиардерлер Украинадағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, соғысты тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап хабарлайды.

    Президент Владимир Путин айналасындағы магнаттардың бірі Олег Дерипаска 7 наурызда Туиттерде Украинадағы соғыс тез тоқтауы тиіс деп жазды.

    «Бейбітшілік тез орнауы тиіс, біз қайта оралмайтын нүктеден өтіп кеттік… Тұтас әлем басқа болады, Ресей басқа болады» деп жазды ол.

    Тағы бір магнат Владимир Лысин 7 наурыз Новолипецк қаласындағы болат өндіретін зауыт жұмысшыларына арнап жазған мәлімдемесінде «Украинадағы қантөгіс – трагедия, оны ақтау қиын» деп жазды. Новолипецк металлургия комбинатының басшысы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырып, соғыс жақын арада аяқталады деп үміттенетінін жеткізді.

    Ресейлік кәсіпкер Олег Тинков 6 наурызда өзінің миллиардерлер қатарынан шығып қалғанын, санкцияға байланысты көп қаражаттан айырылғанын хабарлады. Ол журналистерге енді бұдан былай өзін олигарх деп атамауды өтінген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →