Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Адал болғаны үшін жазаланады»: Қайрат Нұртастың жары әйел тағдыры туралы жазды Шанхайда 1000-ға жуық рейс тоқтады: «Дельфин» тайфуны Қытайды әбігерге салды Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды Дастан Рыспеков Президент Әкімшілігіне қайта оралды «Жаңа адамдар» дабыл қақты: 12-15 жастағы қыздарды арбаған күдікті ұсталды «Біреуі де батыр болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не үшін тұрмыс құрмай жүргенін айтты «Адал болғаны үшін жазаланады»: Қайрат Нұртастың жары әйел тағдыры туралы жазды Шанхайда 1000-ға жуық рейс тоқтады: «Дельфин» тайфуны Қытайды әбігерге салды Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды Дастан Рыспеков Президент Әкімшілігіне қайта оралды «Жаңа адамдар» дабыл қақты: 12-15 жастағы қыздарды арбаған күдікті ұсталды «Біреуі де батыр болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не үшін тұрмыс құрмай жүргенін айтты

    Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне тапсырма берді

    Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне тапсырма берді

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы асым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды.

    Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері, әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді.

    Дәурен Қосанов президент тапсырмаларының орындалу барысын жеткізді. Атап айтқанда, мемлекет басшысына әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру, әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері жөнінде ақпарат ұсынылды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →