Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    Маңғыстау облысында 15 жыл бұрын салынған мектептің шатыры опырылып түскен (ВИДЕО)

    Маңғыстау облысында 15 жыл бұрын салынған мектептің шатыры опырылып түскен (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында мектеп-гимназия ғимаратының акт залының шатыры опырылып түскен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқиға 23 шілдеде таңғы сағат 6:00 шамасында болған. Қираған кезде ғимаратта ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Мәліметке сәйкес, опырылып түскен аумақ 250 шаршы метр болған.

    Қарақия ауданы әкімдігінің мәліметінше, мектеп ғимараты 2009 жылы салынып, пайдалануға берілген. Қазір мұнда 1200-ден аса бала білім алады екен.

    “Қазір оқиға орнына арнайы сарапшылар шақырылып, қажет тексерулер мен сараптамалар жүргізіліп жатыр. Бұл жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды.  Бағалау нәтижелері мен алдағы жөндеу жұмыстары туралы толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады”, – делінген хабарламада.

    Ал облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов комиссиямен бірге оқиға орнына жүр екен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →