Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды

    Түркия Еуроодақтың құрамына кіруге дайын екенін мәлімдеді

    Түркия Еуроодақтың құрамына кіруге дайын екенін мәлімдеді

    Фото: Ақорда

    Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елінің Еуропалық Одаққа толыққанды мүше болуға дайын екенін тағы да мәлімдеді. Ол өз сөзінде Еуродаққа Түркияның қажет екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы TRT Haber басылымына сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, Түркия Еуропалық Одақпен қарым-қатынаста жаңа дәуір бастауға және жақындасуға кедергі келтіріп отырған “ескірген саяси тосқауылдарды” еңсеруге дайын.

    “Әлем өзгеріп жатыр, Еуропа да өзгерді. Еуроодақты болашаққа бастайтын шешуші қадам – Түркия болуы мүмкін. Біз толыққанды мүше болуға дайынбыз”, – деді Ердоған.

    Еуроинтеграция тақырыбымен қатар, Ердоған халықаралық күн тәртібіне де тоқталды. Ол Израильдің әскери әрекеттерін айыптап, Газа секторы тұрғындарын қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар Сириядағы өтпелі үкіметті қолдайтынын мәлімдеді. Ол алдағы 2–3 жылда Түркия жаңа ұшақ тасығыш кеме салуды жоспарлап отырғанын айтты.

    Айта кетейік, Түркия 1999 жылдан бері Еуроодаққа үміткер ел саналады. Келіссөздер 2005 жылы басталғанымен, 2016 жылы демократия, адам құқықтары және Ердоғанның ЕО-ның толыққанды мүшесі – Кипр Республикасын мойындамауына байланысты саяси келіспеушіліктер туындап, іс жүзінде тоқтап қалған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →