Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    «Есеппен тидім деші»: Мәһрге «Lexus» сұраған қыз желіде сынға қалды (ВИДЕО)

    «Есеппен тидім деші»: Мәһрге «Lexus» сұраған қыз желіде сынға қалды (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде жас жұбайлардың неке қию сәтіндегі видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Видеода неке қиылып болған соң имам қалыңдықтан мәһрге не қалайтынын сұраған. Алдымен қыз болашақ күйеуінен жасқана «айта берейін бе?» деп сұрады.

    Күйеу жігіт қыздың бұл қылығына күліп, қаттырақ айтуын өтінді. Имам да қалжыңмен «қаламым жазып жатыр, айта беріңіз» дегенде қалыңдық «Лексус автокөлігі» деп қойып қалады.

    Қыздың бұл жауабына имамның өзі таң қалғанын жасырмады.

    Алайда желі қолданушылары жас келінді сынап тастады.

    «Үндемей, ыздиып отырып бірден машина сұрады ғой», «Тойсыз, махрсыз, су тегін кеткендер біз біргеміз, Бірге бақытты ғұмыр кешуді сұрамайсың ба», «Мәһр үшін тидің бе күйеуге», «Үндемей отырып бәле екен», «Оны неменеге майысып айтып отыр», «Денсаулық сұрамайсың одан да Құдайдан», «Есеппен тидім деші», — деп жазды.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Rakhat Daribay (@raha.bro)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →