Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды •

    Киік дипломатиясы: Енді Өзбекстанға 500 киік беріледі

    Киік дипломатиясы: Енді Өзбекстанға 500 киік беріледі

    Фото: t.me/ekolog.uz

    Қазақстаннан 500 киік Өзбекстан аумағына көшірілмек. Бұл бастаманы Өзбекстан Республикасының экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі министрлігі көтерген. Жоба аясында сирек кездесетін жануарлардың бір бөлігі көрші елге жеткізіліп, жаңа ортаға бейімделуі бақыланатын болады.

    Өзбекстан экология министрі Азиз Абдухакимов бұл туралы былай деп түсіндірді:

    «Қазақстан Республикасының Экология министрлігімен бірлесіп, біз 500 жас киікті Өзбекстанға көшіруді жоспарлап отырмыз. Мамандар олардың жергілікті табиғи жағдайға бейімделуін зерттейді. Бұл — осы сирек жануар түрін сақтау жолындағы маңызды қадам».

    Айта кетейік, киік Өзбекстанның Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне жойылу қаупі төнген түр ретінде енгізілген. Бұл жануарлар Өзбекстанда негізінен Қарақалпақстандағы Үстірт жонында, Арал теңізінің шығыс және оңтүстігі жағында, сондай-ақ кеуіп қалған теңіз табанында кездеседі. Бұрын олар Сырдария аңғарында және Ферғана жазығының жазық бөлігінде де тіршілік еткен.

    2016 жылғы мәлімет бойынша, трансшекаралық үстірт киіктерінің жалпы саны – 1 900 бас. Ал Арал маңы мен бұрынғы теңіз түбіндегі тұрақты топтардың саны – шамамен 200 бас.

    Еске сала кетейік, бұған дейін 1 500 бас қазақ киігі Қытайға жіберілетіні хабарланған еді. Сонымен қатар, Қазақстанмен шекаралас Ресейдің Саратов облысына шамамен 1 миллион киік көшіп барған. Ол жақта олардың бір бөлігін ату жоспарланып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →