Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды •

    Үш жыл бұрын адам өлтірген күдікті Алматыда құрықталды

    Үш жыл бұрын адам өлтірген күдікті Алматыда құрықталды

    Фото: Polisia.kz

    ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері 2022 жылы Алматы облысы Қарасай ауданында жасалған қылмысты ашты, — деп жазды Qazaq Today ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Күдікті марқұмның 1,5 млн теңгеден астам қаражатын иемденіп алу үшін осындай қылмысқа барған. Кейін ізін жасыру мақсатында қаскүнем мәйітті оқиға болған жерден алып кеткен.

    Жедел-іздестіру шаралары барысында қаскөй ұсталып, қамауға алынды. Тергеу әрекеттері кезінде ол жасаған ісін, кінәсін толық мойындады.

    Айғақтарды тексеру кезінде Алматы қаласы маңында су құбырлары жанынан қазба жұмыстары жүргізіліп, адам сүйектерінің фрагменттері табылды.

    Сот-генетикалық сараптама нәтижесінде олардың марқұмға тиесілі екені анықталды.

    Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Тергеу органдары істі сотқа жолдау үшін сотқа дейінгі тергеу материалдарының толықтығын қамтамасыз етіп жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →