Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы ресейліктер көші-қоны: 2022 жылғы толқыннан кейінгі жағдай Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Қазақстандағы ресейліктер көші-қоны: 2022 жылғы толқыннан кейінгі жағдай Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады

    «Мұсылмандардың көбі шошқалар»: Қарағандыда ұлтаралық араздықты қоздырған келіншек қамауға алынды

    «Мұсылмандардың көбі шошқалар»: Қарағандыда ұлтаралық араздықты қоздырған келіншек қамауға алынды

    Фото: видеодан скрин

    Қарағанды қаласында әлеуметтік желіде мұсылмандар мен қазақтарды қорлаған пікірлері үшін кәсіпкер Алика Мұхамадиева уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі, яғни ұлтаралық және діни араздықты қоздыру бабы бойынша айып тағылып отыр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Әлеуметтік желідегі арандатушылық 

    Соңғы күндері Мұхамадиеваның Threads платформасында жариялаған жазбалары қоғамда наразылық тудырды. Ол қазақ ұлтының өкілдерін «мамбет», «қалбит», «қазақшасөйлешник» деп кемсітіп, мұсылмандарды «шошқа» деп атаған. Бұл мәлімдемелер әлеуметтік желіде кең талқыланып, жұрттың ашу-ызасын туғызды.

    Қоғамның реакциясы және кешірім сұрау

    Қоғам тарапынан үлкен қысымға тап болған кәсіпкер Threads парақшасын өшіріп, кейін Instagram желісінде кешірім сұрап видео жариялады. Онда ол: «Мен қатты өкінемін», – деп ақталуға тырысқанымен, көпшілік оны кешірмеді. Желі қолданушылары оның әрекетін заң аясында жауапқа тартуды талап етті.

    Құқық қорғау органдарының әрекеті

    Бүгін тәртіп сақшылары Алика Мұхамадиеваны ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Қылмыстық іс аясында оған қатысты бұлтартпау шарасы әзірге белгіленбеген.

    Заң аясындағы жауапкершілік

    Қазақстан заңнамасына сәйкес, ұлтаралық және діни араздықты қоздыру Қылмыстық кодекстің 174-бабымен жазаланады. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған адамға айыппұл салу, бостандығын шектеу немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

    Бұған дейінгі ұқсас жағдай

    Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысында Жансұлу Дархамбаева дәл осы бап бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл оқиға да әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →