Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты •

    «Маған да оңай болған жоқ»: Желіде азаматтығын ауыстырған қазақ қызы елді шулатты (ВИДЕО)

    «Маған да оңай болған жоқ»: Желіде азаматтығын ауыстырған қазақ қызы елді шулатты (ВИДЕО)
    Фото: коллаж sn.kz

    Әлеуметтік желіде Аида есімді қазақ қызы Қазақстан азаматтығынан бас тартып, АҚШ азаматтығын алғанын айтып, жазба жариялады.

    «Маған да оңай болған жоқ. Бірақ меніңше, Қазақстан әрбір жағдайды жеке қарап, қос азаматтықты рұқсат етуі керек, әсіресе көршілес емес, алыс елдермен.Мен Отанын сүйетін, шетелде тәжірибе жинап, оны қазақ жастарына жеткізгісі келетін адаммын. Азаматтықтан бас тартпасам, заң бойынша маған айыппұл салынып, елге кіруге тыйым салынар еді.Өкініштісі — мемлекет бір салық төлеушіден айырылып отыр. Kaspi аударымдарын бақылағаннан гөрі, қос азаматтықты жеке қарастырған дұрыс. Мен елге көмектесуге дайынмын», — деп жазды ол.

    Сондай-ақ, ол құжат өзгерсе де, ұлт өзгермейтінін айтты.

    «Қазақстан азаматтығынан бас тартқан күнім… Құжат өзгерсе де, ұлт өзгермейді. Менің жүрегім мен жаным – мәңгі қазақ!», — деп жазды қазақ қызы.

    Алайда оның жазбасы көпшілік талқысына түсіп, түрлі пікірлер жазылды. Бірі оның АҚШ азаматы болғанын құттықтаса, енді бірі ашуланып пікір қалдырған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →