Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты •

    Қызылордада екі жастағы бала анасымен бірге лифтте қамалып қалды

    Қызылордада екі жастағы бала анасымен бірге лифтте қамалып қалды
    Фото: © istockphoto.com

    Қызылорда қаласында жас ана мен екі жастағы сәби лифт ішінде қалып қойған. Бұл туралы ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасында пайда болды.

    Оқиға 112 қызметіне техникалық ақаудан кейін лифттің тоғызыншы қабатта тұрып қалуытуралы хабарламадан басталған. Шұғыл әрекет еткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен лифт есігін ашып, ананы баласымен аман-есен сыртқа шығарды.

    «Жедел жеткен мамандар лифт ішіндегі екі адамды қауіпсіз сыртқа шығарды. Медициналық көмек қажет болмады», – делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

    Құтқарушылар қандай кеңес береді?

    Мұндай жағдайларда қорықпай, төмендегі ережелерді сақтау маңызды:

    • Сабыр сақтаңыз, қасыңыздағы адамдарды тыныштандырыңыз
    • Диспетчермен байланысқа шығыңыз – лифт кабинасында байланыс түймесі немесе нөмір болуы мүмкін
    • Барлық түймені қатар баспаңыз – бұл жүйенің жұмысын қиындатуы мүмкін
    • Есікті өз бетіңізше ашуға тырыспаңыз
    • Телефон, дыбыс немесе желі арқылы көмек сұраңыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →