Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өскеменде «Еңбек – ел мұраты» байқауының жеңімпаздары марапатталды • Halyk қоры қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 25 млн теңге бөліп, банк қарыздарын кешірді • Каспийдегі әскерилердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды • Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады • Өскеменде «Еңбек – ел мұраты» байқауының жеңімпаздары марапатталды • Halyk қоры қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 25 млн теңге бөліп, банк қарыздарын кешірді • Каспийдегі әскерилердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды • Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады •

    Мас күйде шу шығарған атыраулық әйел рейстен қуылды

    Мас күйде шу шығарған атыраулық әйел рейстен қуылды

    Фото: Pixabay

    Қоғамдық тәртіпті бұзған атыраулық әйел әуе рейсінен түсірілді. Бұл туралы көліктегі полицей департаменті хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана-Атырау бағытындағы рейстен әуе кемесі командирінің актісімен 31 жастағы Атырау қаласының тұрғынын түсірді. Тексеру кезінде жолаушы мас күйде болып, ұшаққа міну барысында әуе компаниясы қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және агрессивті әрекет көрсеткені анықталды.

    Тәртіп сақшылары келген кезде азаматша полиция бөлмесіне барудан бас тартып, тіпті, бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырған.

    Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемелерінде түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 331 тұлғаны анықтап, жауапкершілікке тартты.

    Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қатарында − алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →