Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты •

    «ҚазАвтоЖолға» 2 млн теңге айыппұл салынды

    «ҚазАвтоЖолға» 2 млн теңге айыппұл салынды

    Фото: gov.kz

    «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Жамбыл облысындағы филиалына қатысты полиция сотқа шағым қалдырды. Бұған себеп – «Алматы-Ташкент-Термез-2» автожолының «Күйік ескі асуы» бөлігіндегі жол қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

    2025 жылғы ақпанда әкімшілік полиция инспекторы аталған жол учаскесінің техникалық жағдайын тексерген. Тексеру нәтижесінде жол қауіпсіздігіне қатысты 13 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы нұсқама берілген. Алайда, аталған кемшіліктер жойылмаған.

    Сот отырысында «ҚазАвтоЖол» филиалының өкілі өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, бұл жол учаскесіне жауапты мердігер ұйым, ал ұлттық компания бұл құқықбұзушылыққа жауапты емес. Осыған байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

    Алайда әкімшілік полиция инспекторы жолда жиі жол-көлік оқиғалары тіркелетінін, жүргізушілер тарапынан көп шағым түсетінін айтып, жауапкершілікке тартуды сұрады.

    Сотта филиалдың кінәсі тексеру актілерімен, нұсқама, анықтама, хаттамалар және өзге де құжаттармен дәлелденді.

    Сот «ҚазАвтоЖол» филиалын кінәлі деп танып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 миллион 966 мың теңге айыппұл салды. Рұқсат етілген қызмет түрлерін тоқтату немесе шектеу шаралары қолданылған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →