Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты • Шымкентте екі жұмысшы қаза тапты • Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты • Шымкентте екі жұмысшы қаза тапты • Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты •

    Криштиану Роналдудың әйелі: 4 бала тапқан Джорджина Родригес өзінің сұлу мүсінімен ел назарын аударды

    Криштиану Роналдудың әйелі: 4 бала тапқан Джорджина Родригес өзінің сұлу мүсінімен ел назарын аударды

    Танымал испан модель әрі биші, футболшы Криштиану Роналдудың сүйіктісі Джорджина Родригес Instagram парақшасында сәнді яхтадағы демалыс сәттерінен ашық фотоларын бөлісті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    31 жастағы Джорджина Instagram-дағы 67,2 миллион жазылушысына әсерлі суреттерін көрсетті. Ол ашық киімдерін киіп, керемет мүсінін паш етті. Әшекей ретінде жарқыраған алқа таққан.

    Тағы бір суретте Джорджина мен Криштиану теңіз көрінісінің аясында бассейнде түскен. Джорджина қызыл түсті бикини мен ақ бас киім киген.

    Жарияланған пост 3 миллионнан астам лайк жинап, оқырмандар жағымды пікірлерін жаудырды: «Қуыршақтайсың», «Әлемдегі ең әдемі суреттер», «Бақытты әйел», «Сен кереметсің», «Оны бақытты қыл», «Тамаша жұп».

    Джорджина Роналдумен 2016 жылы Gucci дүкенінде кеңесші болып жұмыс істеп жүргенде танысқан. 2017 жылы олардың қызы Алана Мартина дүниеге келді.

    2022 жылдың сәуірінде Джорджина егіз босанды. Өкінішке қарай, ұлы шетінеп кетті. Қызы аман қалып, оған Белла Эсмеральда есімі берілді. Жалпы, Роналдудың 4 баласы бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →