Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Телефон арқылы балағаттады»: Kaspi Bank клиенті коллектордан қысым көргенін айтты (ФОТО, ВИДЕО)

    «Телефон арқылы балағаттады»: Kaspi Bank клиенті коллектордан қысым көргенін айтты (ФОТО, ВИДЕО)

    Kaspi Bank клиенті коллектордың қорқытқаны мен балағаттағанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Алматы қаласының тұрғыны Kaspi Bank‑пен әріптестікте жұмыс істейтін коллекторлық компания өкілі тарапынан қысым көрсетілгеніне шағымданды. Әйел адамның айтуынша, несие бойынша екі күндік кешіктірілген төлемге байланысты оған қоңырау шалып, телефон арқылы балағат сөздер айтқан, жеке деректерін (мекенжайы мен пәтер нөмірін қоса) жариялап, денсаулығына зиян келтіремін деп қорқытқан.

    Шағым иесі бұл оқиға бойынша Kaspi банкке бірнеше рет шағым жолдағанын – онлайн, банк бөлімшесінде және электронды пошта арқылы хабарласқанын айтады. Алайда банктен мардымды жауап ала алмаған. Ол қоңырау жазбасының бейне және аудио жазбасын да ұсынды.

    Kaspi Bank-тің жауабы:

    «Біз бұл жағдай бойынша тексеру жүргіздік және шағым авторымен бұрын да байланысқа шыққан болатынбыз – осы жерде де ақпаратты қайталаймыз.

    Алдымен айта кетейік, қоңырау шалған адам Kaspi.kz қызметкері емес. Бұл – бізбен әріптестік орнатқан жеке коллекторлық компанияның өкілі.

    Видеодағы әрекеттер біздің құндылықтарымызға мүлде сәйкес келмейді және оны мүлдем қолайсыз деп санаймыз. Бұл ақпарат аталған компанияның басшылығына жеткізілді, және тексеріс нәтижесінде ол адам жұмыстан шығарылды.

    Әр клиентке құрметпен қарау – біздің басты қағидамыз, әрі мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін барлық шараларды қабылдаймыз».

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от ЖАЛОБЫ АЛМАТЫ (@zhaloby_almata)

    Фото: bankrotstvo-fizlic.ru

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →