Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады •

    Павлодар-Қызылорда жолында жүргізуші бензин толы цистернаға құлап жан тапсырды

    Павлодар-Қызылорда жолында жүргізуші бензин толы цистернаға құлап жан тапсырды

    Оқиға түнгі уақытта болған. Полиция жазатайым оқиға бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

    Павлодар-Қызылорда автожолында жүк көлігінің жүргізушісі бензин толы автоцистернаға құлап, сұйық отынға тұншығып қаза тапты.

    — Жазатайым оқиға түнгі уақытта Береке және Төртқұдық ауылдарының арасында, 55-ші километрде болған. MAN маркалы ершікті тартқыштың автоцистернасына түсіп кеткен жүргізуші көз жұмды. Болжам бойынша цистернадағы бензиннен ыдысқа құйып алмақшы болып ішіне еңкейген болуы ықтимал. Сол уақытта бензин толы цистерна ішіне құлап кеткен, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

    Аталған оқиға кезінде цистерналы көлікте өзге де адамдар болған. Марқұм бензин буына тұншығып қалғандықтан оның өмірін құтқару мүмкін болмаған.

    Ер адам Павлодар қаласының тұрғыны. Полиция қазір жазатайым оқиға дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →