Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынды Таразда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім көзінен айырылды Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиа ойындарында күміс жүлде жеңіп алды Жиіркенішті: Тұрсынбек Қабатовтың тойда жүрген тоқалы жұртқа жақпай қалды Алматыда 27 жастағы әйел бірден үш ұлды дүниеге әкелді Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова қауесетке қатысты түсініктеме берді Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынды Таразда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім көзінен айырылды Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиа ойындарында күміс жүлде жеңіп алды Жиіркенішті: Тұрсынбек Қабатовтың тойда жүрген тоқалы жұртқа жақпай қалды Алматыда 27 жастағы әйел бірден үш ұлды дүниеге әкелді Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова қауесетке қатысты түсініктеме берді

    «Ливерпуль» футбол клубының шабуылшысы көз жұмды

    «Ливерпуль» футбол клубының шабуылшысы көз жұмды
    Фото: Instagram/diogoj_18

    «Ливерпуль» футбол клубы мен Португалия ұлттық құрамасының 28 жастағы футболшысы Диогу Жота Испанияның Самора аймағында болған жол-көлік апаты салдарынан ағасымен бірге қаза тапты. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Диогу Жота өткен аптада ғана үйлену тойын атап өткен болатын.

    Басылым деректеріне сәйкес, апат Санабриядағы А-52 автожолының 65-шақырымында болды. Жолаушылар отырған көлік жолдан шығып кетіп, өртеніп кеткен.

    Диого Жотамен бірге көлікте оның ағасы Андре де болған. Ол да қаза болды. Ол – кәсіби футболшы еді, Испанияның «Пеньяфьель» командасында өнер көрсететін.

    Биыл Жота «Ливерпульмен» бірге Англия Премьер-лигасын, ал Португалия құрамасымен Ұлттар лигасын жеңіп алған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →