Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады •

    «Әбден жүйкеге тиіп бітті»: Әбдікәрімова тағы да алаяқтардың құрбаны болды

    «Әбден жүйкеге тиіп бітті»: Әбдікәрімова тағы да алаяқтардың құрбаны болды

    Қайрат Нұртастың жары, танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Өнер иесі су жаңа пәтердің жөндеу жұмыстарымен жүр. 

    «Осыған дейін (2 жыл бұрын) жарнамасы жар салып тұрған компанияға сеніп, жиһазға тапсырыс бердім. Келісім шартқа отырып 70 пайыз төлем жасадым. Уәде еткен уақытта тапсырысымды әкелмегені былай тұрсын, маған мүлде жауап бермей, аяғында мені блокқа тығып, қашып кетті. Келісім шартта көрсетілген мекенжай жалған болып шықты. Бұдан да сабақ алдым! Қазір тек көзімді жеткізіп барып тапсырыс беремін деп шештім», – деп жазды актриса.

    Сондай-ақ кино жұлдызы соңғы кезде жүйкесінің сыр беріп жүргенін жасырмады.

    «Не қылса, демалыста жүргендерді уақытша бұғаттай саламын-ау деймін. Әбден жүйкеге тиіп бітті», – деп ашуланды өнер иесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →