Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 30 қараша 2026 $ 457,7↓€ 500,5↓₽ 5,59↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барыс» сырт алаңда «Нефтехимикке» 2:4 есебімен жол берді • Жаңаөзендегі 12 сайлау учаскесінде жергілікті өнім жәрмеңкесі мен концерт өтті • Сарапшы: Тоқаевтың «геосаясат биге басты» деген сөзі дипломатиялық шеберліктің көрінісі • «Барселона» жартылай қорғаушысы Френки Де Йонг жыл соңына дейін ойнамайды • Разин: Пугачеваның Стамбулдағы шығармашылық кешіне билет 6000 еуро тұрады • Чесноков «Динамомен» матчта 6,4 балл алды • «Барыс» сырт алаңда «Нефтехимикке» 2:4 есебімен жол берді • Жаңаөзендегі 12 сайлау учаскесінде жергілікті өнім жәрмеңкесі мен концерт өтті • Сарапшы: Тоқаевтың «геосаясат биге басты» деген сөзі дипломатиялық шеберліктің көрінісі • «Барселона» жартылай қорғаушысы Френки Де Йонг жыл соңына дейін ойнамайды • Разин: Пугачеваның Стамбулдағы шығармашылық кешіне билет 6000 еуро тұрады • Чесноков «Динамомен» матчта 6,4 балл алды •

    Бурабай тауларында 6 баласы бар отбасы адасып кетті

    Бурабай тауларында 6 баласы бар отбасы адасып кетті

    Фото: ТЖМ

    Оқыс оқиға Ақмола облысы Бурабай ауданындағы «Көкшетау» маңында болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Кеше, 30 маусым күні күндіз Ақмола облысы Бурабай ауданында 7 адамнан оның ішінде 6 баладан тұратын отбасы, теңіз деңгейінен 920 метр биіктікте орналасқан таудың шыңына көтеріліп, түсу кезінде адасып кетті», – делінген хабарламада.

    Отбасы таудан түсу кезінде бірқатар қиындыққа тап болған. Таудың тік еңіс жерлері өздігінен түсуге қауіпті болды, сонымен қатар отбасы мүшелері шаршап кеткен.

    Көмек туралы дабыл алған ТЖМ қызметкерлері тез арада оқиға орнына барған. Құтқарушылардың кәсібилігі мен жедел әрекеттерінің арқасында адамдар биіктіктен түсірілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →