Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті

    Қазақстандық белгілі актер АҚШ-та адам өмірін құтқарып қалды (ВИДЕО)

    Қазақстандық белгілі актер АҚШ-та адам өмірін құтқарып қалды (ВИДЕО)

    Қазақстандық актер Сануржан Сүлеймен АҚШ-та ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқиға Лос-Анджелес маңында болған. Оқиғаның куәгері, актриса Айдана Сахаридің айтуынша, көлік жардан шығып кетіп, өртеніп кеткен. Сануржан бір сәтке де ойланбастан жанып жатқан көлікке жүгіріп барып, зардап шеккен адамды сыртқа алып шыққан. Оның ерлігі мен батылдығының арқасында ер адам аман қалды. Кейін оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері келіп жеткен.

    Айта кетейік, Сануржан Сүлеймен 1998 жылдың 9 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келген.

    Үш жасынан бастап журналдар мен жарнамаларға арналған түрлі фотосессияларға бала модель ретінде қатысып, халықаралық балалар байқауларының лауреаты атанды. Мектеп жылдары би өнеріне қызығып, пародиялық қойылымдарға қатысты. Бесінші сыныпта мұғалімдермен бірге мектеп театрын ашты.

    2009 жылы 10 жасында «Қазақфильм» студиясы түсірген «Аңшы бала» фильмінде басты рөлге бекітіліп, үлкен кинодағы дебютін жасады.

    Осы отбасылық балалар фильмінен кейін түрлі жанрдағы кино мен тележобаларда басты және қосалқы рөлдерді сомдап, шығармашылығын жалғастырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →