Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↑€ 498,2↑₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты •

    Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

    Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қайрат Садықов қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ақорданың мәліметіне сенсек, мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

    Айта кетейік, генерал-майор Қайрат Садықов 1967 жылы 14 сәуірде ШҚО, Зайсан ауылында дүниеге келген. Орынбор әскери училищесін, Ұлттық қорғаныс университетін және Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты.

    Әуе қорғанысы күштерінде түрлі басшылық лауазымдар атқарған. 2023 жылдан бері – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы болды.

    «Айбын» II дәрежелі орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және басқа да марапаттармен наградталған. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Отбасылы, балалары бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →