Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді

    Әскерилердің әлімжеттігі мен дөрекілігі: Қостанайда емтихан тапсырып жатқан колледж студенттерін әскерге алып кеткен (ВИДЕО)

    Әскерилердің әлімжеттігі мен дөрекілігі: Қостанайда емтихан тапсырып жатқан колледж студенттерін әскерге алып кеткен (ВИДЕО)

    Қостанайда емтихан тапсырып жатқан студенттерді әскерге алып кеткен.

    Желіде оқиға орнынан видео тарады.

    «Құрылыс колледжіне әскерилер сұхбат жүргізу мақсатында келген. Кейін 3-курс студенттерін емтихан тапсырып болған соң, әскери комиссариатқа алып кеткен. Ал емтихан тапсырушылар колледжде заң бойынша 30 маусымға дейін «студент» болып жүре алады», — дейді видео авторы.

    Бұл жайтқа қатысты Қостанай облысы қорғаныс департаментінің өкілдері жауап берді. Айтуларынша, әскери қызмет мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары үшін 2025 жылғы түлектермен кездесу ұйымдастырыпты.

    «Оқу бағдарламасын аяқтаған студенттер облыстық жиын пунктіне шақырылып, алдын ала рәсімдерден – медициналық тексеру мен психологиялық тестілеуден өткен», — дейді ведомстводағылар.

    Студенттердің ешқайсысы күшпен немесе себепсіз ұсталған жоқ дейді департаменттегілер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →