Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады

    WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады

    WhatsApp мессенджерінде «Маңызды» (Актуальное) бөлімінде үш жаңа функция қолжетімді болады. Бұл туралы WhatsApp командасы өзінің блогында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазір ол жерде «Статустар» мен «Каналдар» бөлімі бар.

    Енді WhatsApp-та каналдарға ақылы жазылу, оларды каталогта алға жылжыту және статуста жарнама орналастыру мүмкіндіктері енгізіледі.

    Жарнама көрсету үшін пайдаланушылардың шектеулі мәліметтері қолданылады. Яғни, қолданушының қаласы, тілі, олар жазылған каналдар және жарнамамен өзара әрекеттесу туралы ақпарат. Сонымен қатар Meta-ға тиесілі басқа аккаунттардан алынған деректер де пайдаланылуы мүмкін.

    Пайдаланушының жеке қоңыраулары, хат алмасулары мен қатысып отырған топтары бұл жаңашылдықтарға қатысы болмайды. Олардың деректері жарнама көрсету үшін қолданылмайды.

    Егер сіз WhatsApp-ты тек достарыңызбен және жақындарыңызбен сөйлесу үшін қолдансаңыз, онда сіз үшін ештеңе өзгермейді, – делінген хабарламада.

    Жаңа функциялардың нақты қашан пайда болатыны айтылмаған. Бірақ жарияланымда олардың «жақын арада» іске қосылатыны жазылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →